Бір минутта бәрін өзгертуге болады...
Бір минутта бәрін өзгертуге болады...

Біз күн сайын көріп жүрген құбылыстарды қарастырып көрейікші. Сіз таңертең ұйқыңыздан оянасыз, жуынып, тамақтанып, жақындарыңызбен сөйлесіп жұмысқа аттанасыз. Далаға шыққандағы көріністер ше? Күн сәулесінің жерге түскен қарды ерекше жалтыратып тұруы,  жұмысқа асыққан адамдар, ерсілі-қарсылы ағылған көліктер, жапырғынан айырылып, қардан көрпе оранған талдар, қыста ғана жүретін қара қарғалар – осының бәрі де сіз үшін қалыпты құбылыс болып кеткені сонша, мұның біріне де назар аударып, мән бермеуіңіз мүмкін.

Бір сәт көз алдыңызға елестетіп көріңізші, сіз туылғалы бері тіпті терезесі де жоқ төрт қабырғалы біл бөлмеде ғана өмір сүресіз. Ол жерде сіздің тамағыңызбен басқа да қажеттіліктеріңізді өтеуге мүмкіндік жасалып, өте қарапайым жиһаздармен жабдықталған болсын. Оған қоса, сыртқы әлеммен байланыс жасайтын: телефон, радио, теледидар сияқты ешқандай құрылғыңыз да жоқ. Енді сізді ғұмыр бойы өмір сүрген қапас бөлмеңізден бостандыққа шығарып, кең дүниені көретін мүмкіндік туды. Алғашқы минуттарда қандай сезімде, қандай ойда болар едіңіз? Барыңды салып, ой жүгіртуге бір минут уақыт бөлсең, ойыңды, көзқарасыңды, мақсатыңды, өміріңді, тіршілігіңді, құлшылығыңды өзгертуге болады...

Шетсіз-шексіз көкжиек, көгілдір аспан, Күн сәулесінен тараған жылы шуақ, аппақ-аппақ  бұлттар, түнгі аспанға жарық беріп жымыңдаған жұлдыздар, таудан құлап аққан өзен-көлдің көркі, аспаннан жауған жаңбыр; жасыл желекке оранған қала, ағаштар, жеміс-жидектердің бір-біріне ұқсамайтын, әрі қайталанбас дәмдері; жан-жануарлар, мысық, күшік, қоян, қасқыр тіпті көбелек пен инеліктің қозғалысы – бәрі-бәрі сізді таң қалдырмай қоймас еді.

Осының бәріне таң қалған сіз ерте ме, кеш пе өзіңізге бұларды кім жасады деген сұрақ қоясыз? Әр гүлдің иісін иіскеп, әр жемістің дәмін татқан сайын сіз осы сұрақты қайталай беруге мәжбүр боласыз.

Өзіңізді қоршаған ортаға көз тастаған сайын: "Бұл әлем қалай жаратылды?", "Мен қайдан пайда болдым?", "Әр заттың  белгілі бір мақсатпен жаратылғанындай, менің өмірге келуімнің мақсаты не?" деген сұрақтар пайда болады. Және бұл сұрағыңызға "Әрине, осының бәрін біреу жаратты" деген жауап алып отырасыз.

Көптеген сауалдардың жауабын іздеу барысында сіз барша әлемнің Жаратушысы бар екеніне көз жеткізесіз.

Сіз күнделікті елемей өтіп жүретін көпірдің құрылысын жасаушы архитектордың болатыны секілді, адамдардың денесіндегі сүйектердің мүлтіксіз орналасуын да ойлап тапқан Жаратушы бары анық. Тастар мен бөренелер өздігінен құралып, көпір болды дегенге ешкім сенбейтіні секілді, адамның дене мүшесі өздігінен кездейсоқ құрылды дегенге ешкім сенбейді.

Барлығы анық екеніне қарамастан, аспан денелері мен адамзат баласы кездейсоқ жаратылыс деген пікір ұстанатын адамдар да бар. Дегенмен, аталмыш пікірдің қисынсыз екені кез келген саналы адамға айқын.

P.S: Мұның барлығы шайтанның адам ойына салған ылаңы. Анығында Алла көктер мен жерді Жаратушы, ал шайтан адамның мәңгілік жауы! "Негізінен, шайтан... араларыңа дұшпандық пен жек көрушілік салып, сендерді Алланы еске алудан және намазды /барлық шарттарын сақтап, беріле/  толық орындаудан тосуды қалайды. Енді тыйыларсыңдар?!" ("Мәидә" сүресі, 91 аят).

Дереккөз: asylarna.kz

Адам баласыАдам баласы
8 жыл бұрын 5341
0 пікір
Блог туралы
0
20554 7 39 26 14