Ерте жатып ерте тұру үшін пайдалы құралдар
Ерте жатып ерте тұру үшін пайдалы құралдар

Aдам ұйқыдан тұрғанда өзін жақсы сезіну үшін ұйқы циклдардың арасында оянуы тиіс. Бірінші NREM-REM ұйқы циклінің орташа ұзындығы 70-100 минут арасында; екінші және одан кейінгі циклдардың орташа ұзындығы шамамен 90-120 минут. Ұйқысы қанғандай болып ояну үшін неше сағат ұйықтау керектігін санап беретін онлайн-калькулятор sleepyti.me.

Көк түсті жарық толқындары ұйқыны ашып жібереді, ал қызыл түсті толқындар терісінше ұйықтауға дайындалуға пайдалы. f.lux (https://justgetflux.com) - компьютер мониторының түсін тәуліктің уақытына қарай автоматты түрде өзгертетін программа. Барлық кеңінен тараған операциондық жүйелерде істейтін болып көрінеді: Android, iPhone/iPad, OS X, Windows.

Ақшам мен құптан намаздарының арасында, екінті намазынан кейін, күн шыққаннан кейін уақытта ұйықтамаған жөн. Күндіз түстен кейін қайлюле жасап алу сүннет.

 

Адам баласыАдам баласы
8 лет назад 8602
0 комментариев
О блоге
0
20554 7 39 26 14