Жалқаулықты 1 минутта жеңе аласыз
Жалқаулықты 1 минутта жеңе аласыз

Өзіңізге өзге көзбен қарап көріңізші. Бойын жалқаулық билеген кісі ретінде көргіңіз келе ме? Әлде еріншектікті білмейтін, бір минутын да мүлт жібермейтін, күш-жігерін болашағына арнаған тұлғаны көргіңіз келе ме? Жапондар тұлғаны дайындауда, алдымен жалқаулықты жоюға көп көңіл бөледі екен.

Жапонның кайдзен әдісі адамды жалқаулықпен күресуге үйретеді. Бұл әдісті 1 минут қағидасы деп те атайды. Кайдзен әдісінің құрылымы бойынша адам қандай да болса бір әрекетті 1 минут жасап шығу керек. Күн сайын бір әрекетті белгілі бір уақытта 1 минут бойы жасап, уақытын бос өткізбеуге мүмкіндік жасайды. 1 минут бір әрекетті жасау үшін аз болып көрінуі мүмкін, бірақ бәрі осы бірінші минуттан-ақ басталады. Жалқаулық, еріншектік деген қасиеттер адамды айналып өтеді.

1 минут аралығында секіргішпен секіріп не денені шынықтырып, көзге жаттығу жасап не шетел әдебиетін оқысаңыз, жолыңызды байлайтын жалқаулықты жеңе аласыз. Кішкентай әрекет жасай отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізесіз. Жалқаулықты жеңе алатын күшіңізге сеніп, ар алдындағы ұяттан арыласыз. "Мен бүгін бекер жаттым ғой, түк бітірмедім" деген ойлардан құтыласыз. Бойыңыздан жақсы нәтиже көрген соң, уақыт өте келе сіздің санаңыз да, ағзаңызда сол әрекетке бейімделіп, ұзақ жасауға тырысасыз. 1 минуттық әрекетті 5 минут жасап, дағдылана бастайсыз. Соңында жарты сағат бойы сол әрекетті жасап отырғаныңызды да байқамай қалуыңыз мүмкін. Міне, нәтиже! Бастысы – ниет. Еріншектіктің ерік-жігеріңізді бұғаулауына жол бермеңіз!

Кайзден әдісі Жапонияда қалыптасқан. Ол "кай" – "өзгеріс" және "дзен" – "даналық" деген мағынаны білдіреді. Демек, парасаттылыққа өзгеру деген мәнді үстейді: адам өз бойынан өзгеріс байқайды. Бұл қағиданы ұсынған  – Масааки Имаи. Ол – өзін-өзі жетілдіру концепциясының негізін қалаған тұлға. Ол жұмыста да, жеке өмірде де кайдзен теориясымен жетістікке жетуге болады дейді. Батыстықтар бұл әдісті қолдамауы мүмкін, себебі, олар үлкен жетістікке жету үшін күні-түні ізденіп, көп күш жұмсауы керек. Бұл адамды қажытып жіберуі ықтимал, адам өз әрекетінен, жұмысынан ләззат алуы тиіс, рахат сыйламайтын жұмыс адамды шаршатары анық дейді. Ал бұл әдіс өмірдің қай кезеңінде, қай саласында болмасын адамға күш сыйлайды деп ойлайды.

Дереккөз: Jastar.kz / Мassaget.kz

Адам баласыАдам баласы
9 жыл бұрын 5080
1 пікір
Блог туралы
0
20554 7 39 26 14